SUSE Linux Enterprise Server 15 басқаратын құрылғыны Желілік агентті орнатуға дайындау

SUSE Linux Enterprise Server 15 операциялық жүйесі бар құрылғыға Желілік агентті орнату үшін,

Желілік агентті орнатпас бұрын келесі пәрменді іске қосыңыз:

$ sudo zypper install insserv-compat

Бұл сізге insserv-compat пакетін орнатуға және Желілік агентті дұрыс конфигурациялауға мүмкіндік береді.

Пакеттің бұған дейін орнатылғанан тексеру үшін rpm -q insserv-compat пәрменін орындаңыз.

Егер сіздің желіңізде SUSE Linux Enterprise Server 15 жұмыс істейтін көптеген құрылғылар болса, сіз компанияның инфрақұрылымын конфигурациялау және басқару үшін арнайы бағдарламалық жасақтаманы пайдалана аласыз. Осы бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып, insserv-compact пакетін бірден барлық қажетті құрылғыларға автоматты түрде орнатуға болады. Мысалы, сіз Puppet, Ansible, Chef қолдана аласыз немесе скриптті өзіңізге ыңғайлы етіп жасай аласыз.

Құрылғыда SUSE Linux Enterprise үшін GPG қол қою кілттері болмаса, келесі ескертуді көруіңіз мүмкін: Package header is not signed! Ескертуді елемеу үшін i опциясын таңдаңыз.

insserv-compat пакетін орнатудан бөлек, сіздің Linux құрылғыларыңыз толығымен дайындалғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін, Желілік агентті орналастырып, орнатыңыз.

Басына оралу